Екібастұзда түтін басқан үйден екі адам құтқарылды

Екібастұзда түтін басқан үйден екі адам құтқарылды
Фото: Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

Алты қабатты үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының мәліметінше, 20 сәуірде сағат 15.21-де 101 № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің пультіне Мұхтар Әуезов көшесі, 53а мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

– Төрт бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде төрт шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар мен жиһаз өртенген. Өрт салдарынан жоғарғы қабаттарды қатты түтін  басып, екі тұрғын  сыртқа шыға алмай қалды, – дейді департаментте. 

№ 2-МӨСБ және № 6-ӨСБ жеке құрамының тәжірибелі және кәсіби мамандары – № 6 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Т. Қиянбеков және газ-түтіннен қорғау қызметі аға шебері, азаматтық қорғау сержанты А. Олжабаев оларды сыртқа шығарды.