Павлодар облысының маусымда құрғақшылық болжамы қандай?
Синоптиктер өңір аймағында бірқалыпты ылғалды жағдай болжайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы маусымда Қазақстанда ылғалдандыру негізінен ұзақ мерзімді мәндерге жақын болады деп күтілуде:
- атмосфералық құрғақшылық Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында;
- бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успенка ауданында және Павлодар қаласында күтіледі.
Республиканың қалған бөлігінде осы айда ылғалдылық нормаға жақын болады.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.
Алдын ала болжам қажет болған жағдайда жаңартылады.