Екібастұздықтардан гидравликалық сынақтар кезінде сақ болуды сұрайды
Қалада жылу магистралін сынаудың бірінші кезеңі 27 мамырда басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұз жылуэнерго» ЖШС мәліметінше, тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтауды өшіру мерзімдерін азайту мақсатында биыл қаланың магистральдік желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар бірнеше кезеңнен өтеді.
№7,17,10,9 жылу магистралін сынаудың бірінші кезеңі 27 мамырда өтеді. Осыған байланысты № 9,10, 11,13,14,15,18,19,21,22,23,25,26 шағын аудандарда ыстық су болмайды.
28 мамырда жылу желілерінде зақым анықталмаған барлық үйлерде ыстық су беру қалпына келтіріледі. Екінші кезеңде № 1,5,8,12 жылу магистралі, үшінші кезеңде Әуезов көшесі, 6-ға дейінгі № 3,2,4,11,16 жылу магистралі, төртінші кезеңде Әуезов көшесі, 6-дан № 14,13,15,16 жылу магистралі сынақтан өтеді.
– Өткізу мерзімдері және ыстық сумен жабдықтау өшірілетін шағын аудандар қосымша жарияланатын болады, – деді кәсіпорында. – Жылыту жүйелерінің жарылуын болдырмау үшін №1,2 ысырмаларды ажыратып, бітеуіштерді орнату керек. Аталған шараларды орындамау мүліктің бұзылуына, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Гидравликалық сынақтар жүргізу нәтижелері бойынша құбырдың белгілі бір учаскелері жөнделетін болады. Осыған байланысты осы учаскелерге қосылған тұрғын үйлерге ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.
Монополист көрсетілген кезеңде жылу желілері мен жылу камералары орналасқан жерлерде сақ болуды өтінеді.
Сынақ кезінде Екібастұз тұрғындарына барлық анықталған ескертулер, бұзушылықтар, жарылулар туралы 8(7187)75-08-04, 8(7187)28-06-94телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалуға болады ( «Екібастұз жылуэнерго» ЖШС диспетчерлік қызметі). Тек мәтіндік хабарламалар түрінде өтініштер WhatsApp +77017054957 нөмірі бойынша қабылданады.