Тереңкөл ауданында мектептен өрт шықты

Тереңкөл ауданында мектептен өрт шықты
Суретті Павлодар облыстық ТЖД ұсынды

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 07.34-те Тереңкөл ауданы Бобровский ауылдық округінің  Жасқайрат ауылында Жасқайрат орта мектебінде   төбесінен түтін шыққаны жөнінде хабарлама түскен.

– Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде Жасқайрат  орта білім беру мектебінің бірінші қабатының төбесі өртенгені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің жану аумағы 25 шаршы метрді құрайды, – деді  департаментте.

Тілсіз жау сағат 09:03-те оқшауланып, сағат 09.50-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің үш техникасы, 12  қызметкері жұмылдырылды. 

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.