Павлодарда тұрғын өтінішімен Қамзин көшесінің қауіпті учаскесінде жарық шамы орнатылды
Өткен жылдың қазан айындағы кештердің бірінде дәл осы жерде жол-көлік оқиғасы болып, 10 жастағы бала зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының тұрғыны Қамзин көшесіндегі 95-үйдің маңына көше жарығын орнату жөнінде қала әкімдігіне бірнеше рет өтініш білдірген.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаменті хабарлады.
– Жүргізілген талдау нәтижесінде облыс әкімдігіне аталған учаскеде көше жарығын орнату мәселесін қарастыру жөнінде ұсыным хат жолданды. Қазіргі уақытта көрсетілген көшеде жарықтандыру жүргізілді, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Департаментте азаматтардың мүддесіне қатысты өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.