Павлодар тұрғыны қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды
Жауап беруші 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қала тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
– Сот отырысында, қала тұрғыны 16 мамырда сағат 2:00 шамасында қоғамдық орында болып, әйелімен жанжалдасып былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды, – дейді баспасөз орталығында.
Айыпталушының кінәсі оның мойындауымен, әйелінің және полиция инспекторының айғақтарымен, сонымен қатар бейне жазбамен дәлелденді.
Сот істің қорытындысы бойынша азаматты кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.