«Ұлы дала жорығы»: Павлодардан Астанаға дейін бәйге-марафон ұйымдастырылады

«Ұлы дала жорығы»: Павлодардан Астанаға дейін бәйге-марафон ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шабандоздар 5 күн ішінде 500 шақырым еңсеруге тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«JORYQ» ат спорт федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19-23 мамыр аралығында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» іріктеу бәйге-марафоны Павлодар қаласынан басталады.

5 күн ішінде командалар Астана қаласына дейін 500 км еңсеруге тиіс. Кем дегенде үш команда мәреге жетуі керек. Үш жүлделі команда Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуға мүмкіндік алады, – дейді баспасөз орталығында.

Марафонға еліміздің 20 өңірі қатысады.

Өткізу уақыты: 19 мамыр, таңғы сағат 6:00-де.