Павлодарда шекара қызметінде бос жұмыс орындары бар
Үміткерлер болашақта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында жоғары әскери оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша Департаменті келісім шарт бойынша әскери қызметке шекара бөлімшелеріндегі бос лауазымдарға кандидаттарды қабылдайды. Сондай – ақ офицерлік лауазымдарға заңгерлер, қаржыгерлер, журналистер, әскери психолог, медициналық, ветеринарлық және техникалық білімі бар мамандар келе алады.
Келісім шарт бойынша әскери қызмет – кәсіби өсу перспективасын беретін, әскери қызметшінің өзін де, оның отбасы мүшелерін де әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Әрі 47 жастан зейнетке шығу мумкіндігі бар.
Үміткерлерге қойылатын талап:
- жақсы сипаттама,
- мерзімді әскерді өту немесе 40 күндік ӘТМ курсы,
- орта білім және орта білімнен кейінгі білім.
Келісім шарт бойынша әскери қызметшіге кепілденеді:
- 200.000теңге көлемінде тұрақты жалақы, әскери атағы мен еңбек өтіліне қарай;
- отбасының әрбір мүшесіне 44.352 теңге көлемінде ай сайынғы тұрғын үй төлемдері;
- шекара нарядта қызмет көрсету кезінде ақшалай өтемақы төлеу;
- киіммен қамтамасыз ету;
- жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (45 тәулік) және сауықтыру жәрдемақысы;
- тегін медициналық қамтамасыз ету.
Сондай – ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында жоғары әскери оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі бар.
Мекен-жайы: Павлодар қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі 52.
Тел: 8(7182) 39-90-24, 39-90-25, 39-90-99, 87778930101, 87053434907