Павлодар әкімі Қала күніне арналған фотокөрмені аралады

Павлодар әкімі Қала күніне арналған фотокөрмені аралады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Хасар Хабылбеков көне зәкірді қоғамдық кеңістікке орнатуды ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Экспозицияға павлодарлықтардың өздері ұсынған фотосуреттер мен тарихи жәдігерлер қойылған. Көрмеге 40-тан астам қала тұрғыны қатысып, сүйікті қаламыздың тарихын, дәстүрін және ел жадында сақталған жарқын сәттерін бейнелейтін фотоларын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша арнайы комиссия үздік жұмыстарды анықтайды. Жеңімпаздардың фотосуреттері Павлодар қаласының билбордтарына орналастырылады, – деді ол әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар қала әкімі ашық аспан астындағы музей экспозициясымен танысқан.Онда ерекше тарихи жәдігер – көне зәкір көпшілік назарына ұсынылған. Хасар Хабылбеков осы құнды экспонатты қаланың қоғамдық кеңістіктерінің бірінен лайықты орын таңдап, тұрақты түрде орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)