Құдайкөлдегі бүлінген үйлер бір апта ішінде толық тексеріледі
Бұл туралы Екібастұз әкімі Аян Бейсекин мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында Құдайкөл ауылындағы бұршақ пен екпінді желден кейінгі қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты.
Әкімнің сөзінше, табиғи құбылыс салдарынан ондаған тұрғын үй, әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылым зардап шеккен. Қазір ауылда электр және су желілерін қалпына келтіру, нысандарды техникалық тексеру және келтірілген шығынды бағалау жұмыстары жүргізілуде.
– Алдымыздағы басты мақсат – зардап шеккен инженерлік инфрақұрылымның жұмысын қалпына келтіру. Барлық тиісті қызметтер осы жұмыстарға жұмылдырылды. Зардап шеккен барлық нысандар міндетті түрде жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Халықпен кездесіп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Енді жақын жеті күннің ішінде барлық нысанды түгендеу жұмыстарын аяқтап, қалпына келтіру жұмыстарына толыққанды кірісеміз, – деді Аян Бейсекин.
Оның айтуынша, табиғи апат салдарын жою және бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімі Асайын Байхановтың және өзінің жеке бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram