Павлодар әкімі қаладағы жылу электр орталықтарына барды
Қала басшысы станциялардағы жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов өзінің Instagram парақшасында жариялады.
- Қыс мезгілінде энергия көзінің сенімді жұмыс істеуі жазда жүргізілген жөндеу науқанына байланысты. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, мемлекеттік энергетикалық қадағалаумен бірлесіп, 1 және 2 - ЖЭО дайындығын тексердім, - деді қала әкімі.
Ержан Иманзайыпов кәсіпорындардың басшыларына негізгі технологиялық жабдықтардан басқа, ғимараттар мен құрал жабдықтарды да жөндеуге назар аударуды тапсырғанын атап өтті. Бұл ретте оны пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.
Шаһар басшысы жылу беру кезеңіне дайындық өзінің жеке бақылауында болатынын жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram