Екібастұзда шоу-матч басталды
OneGAME және AF командалары «Шахтер» стадионында Екібастұз қаласы әкімінің кубогын сарапқа салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екі команда да құрамында кәсіби футболшылардың жоқтығына қарамастан тек жеңіске жетуді көздейді.
- Бұл біздің команданың бесінші ойыны, - дейді AF блогерлер командасының капитаны Әл-Фараби Батқұлден. - Жаттығудан өтіп, матчқа дайындалдық. Бүгін жеңіске жетеміз деп үміттенеміз.
«Чингапурио» блогер де осы ұстанымды ұстанады. Оның айтуынша, олардың командасының тәжірибесі көбірек, яғни жеңіске жету мүмкіндігі көбірек.
Екібастұздықтардың шоуға қатысуы үшін матчқа кіру тегін болды.
Матчты қалалық әкімдік және «Ертіс Медиа» ЖШС ұйымдастырды.