Павлодарда төрт учаскеде жылу желілерін қайта жаңарту басталады
Жұмысты 30 сәуірде бастау жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов, Мәшһүр Жүсіп және Нұркин көшелеріндегі орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге дайындауда.
– Биылғы жылы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға, трамвай жолдарының астына желілер төселіп, орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту жүргізіледі, – деді әкімдікте.
Мердігер – «Ай Су Мелиорация» Ломов көшесіндегі жұмыстарға дайындықты бастады. Бұл – Абай және Нұркин көшелерінің шекарасындағы учаске. Қажетті жол белгілері орнатылады.
Төрт учаскедегі орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту 25 сәуірден 25 тамызға дейін жалғасады.