Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Днепропетровская көшесі, 58/1 («Акежан» дүкені), 84, 93 («Баггам» дүкені);
- Днепропетровская – Салтыков-Щедрин – Алтай – Я. Геринг көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- М. Жүсіп көшесі, 170, 172, 206 (Бижан мешіті), 174- 220-тұрғын үйлері;
- Желтоқсан көшесі, 145;
- Толстой көшесі, 55, 61, 61А, 63;
- Достоевский көшесі, 38-77-тұрғын үйлері.