Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

18 наурызда өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурыз сағат 20:00-ден 18 наурыз сағат 20:00-ге дейін облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнгі уақытта аталған аумақтарда көктайғақ болуы мүмкін.
Оңтүстіктен соғатын жел облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшейіп соғады.
Павлодар қаласында 18 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.