Павлодарда дауылды ескерту жарияланды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын түсіндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
26 ақпан күні түстен кейін өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, төменгі боран және көктайғақ күтіледі. Синоптиктер оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететінін болжайды.
Ведомство өңір тұрғындарына қозғалысты (әсіресе көліктегі) шектеуге, тайғаққа қарсы аяқ киім киюге, билбордтар мен ескі ағаштардан аулақ жүруге және жолда қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.