Павлодардың екі көшесінде су уақытша өшіріледі

Павлодардың екі көшесінде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шектеу жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше тұрғын үйге қатысты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Малайсары батыр көшесі, 66 мекенжайында мердігердің жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Су төмендегі мекенжайларда болмайды:

  • Щедрин көшесі, 63кГ, 63кЕ, 63кД, 63; 
  • Малайсары батыр көшесі, 66, 68. 

Тұрғындарға алдын ала қажетті мөлшерде су жинап алу ұсынылады.