Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуір күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Малайсары батыр көшесі, 43/2, 45/4, 45/5, 47;
  • С. Щедрин – Якутск – Малайсары батыр – Хабаровск көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Бакинский көшесі, 3;
  • Сұрағанов көшесі, 19/1;
  • Павлов көшесі, 24;
  • Деров көшесі, 5/1, 37/1;
  • Литвинов – Деров – Я. Геринг – Архангельск көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.