Павлодарда уақытша бес автобустың бағыттары өзгереді

Павлодарда уақытша бес автобустың бағыттары өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Инженерлік коммуникацияларды жөндеуге байланысты жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні сағат 6:00-ден 22 қыркүйек сағат 24:00-ге дейін Нұркин – Бұқар жырау көшелерінің шекарасындағы Естай көшесі бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады (Естай көшесі – Нұркин көшесі, Естай көшесі – Бұқар жырау көшесі қиылыстарын жабусыз).

Осыған байланысты автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.

№ 003, 3 автобус маршруттары Естай көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде Естай – Нұркин – Толстой – Абай – Естай көшелері бойынша осы учаскені айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта.

№ 11 автобус бағыты Н.Назарбаев даңғылының бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жүргенде Қайырбаев – М. Жүсіп – Естай көшелері бойынша жүруді жүзеге асырады. Кері бағытта қозғалыс кезінде бұл учаскені Естай – М. Жүсіп – Толстой – Н. Назарбаев даңғылы көшелерімен айналып өтетін болады.

№ 18, 27 автобус маршруттары Естай көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай қозғалыс кезінде Естай – Нұркин – Толстой – Бұқар жырау – Естай көшелері бойынша қозғалысты жүзеге асыратын болады. Сол сияқты кері бағытта.