Павлодарда ұрып-соққан жасөспірімнің жағдайы жақсарды
Оны жақын арада үйге жібереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы балалар ауруханасы травматология бөлімінің нейрохирург дәрігері Талғат Қасымбек мәлім етті. 14 жасар бала ауруханаға түскеннен кейін дәрігерлердің қарауына алынды. Оған рентген, компьютерлік томография жасалды. Дәрігерлер бас миының жабық жарақаты, маңдай сүйектерінің сынуы, өкпе, бүйрек, бас миының контузиясы, аяқ-қолдың, кеуде қуысының зақымдануы сынды диагноздар қойған еді.
– 14 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қазіргі таңда ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, – деді Талғат Қасымбек.– Анамнезде баланы жасөспірімдер ұрып-соқты деп жазылған.
Оның айтуынша, оқушы ауруханаға түскенде жанында үлкендерден тек ағасы болған. Сондай-ақ, балаға ота жасатудың керегі болмады.
Еске сала кетейік, 24 шілде күні Павлодарда болған төбелес салдарынан 14 жасар ер бала зардап шекті. Полиция департаменті аталған фактіні тергеп жатыр.