Павлодарда 126 автобус бұрынғы бағыты бойынша қатынайды

Павлодарда 126 автобус бұрынғы бағыты бойынша қатынайды
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Оған тұрғындардың өтініші себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

- Маған direct-ке қала тұрғындарынан № 126 автобустың бұрынғы бағытын жаңғырту туралы өтініштер келіп түсті. Осыған орай, 15 мамырдан бастап № 126 автобус маршрутының қозғалысы Бұқар жырау көшесі бойынша Лермонтов – Торайғыров көшелерінің шекараларында қайтадан жүзеге асырылатын болады, - деді шаһар басшысы. 

Айта кетелік, бұл бағыт тұрақты негізде жұмыс істейді.