Сабақ болған жоқ: Павлодарда есірткі тұтынған жүргізуші ұсталды
Жыл басынан бері 400-ге жуық мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Академик Сәтпаев көшесінде «Газель» маркалы автокөлік тоқталды. Тексеру кезінде жүргізуші өзін дұрыс ұстамай, сұрақтарға нақты жауап бермеген. Полицияның күдігі медициналық куәландыру нәтижелерін растады, жүргізуші есірткіге мас болған.
– Жүргізуші бұған дейін 2020 жылы дәл осындай құқық бұзушылық арқылы көлік жүргізу куәлігінен айырылған болатын, алайда бұл оған сабақ болған жоқ. Көлік айыптұраққа қойылды, – дейді департаментте.
Жыл басынан бері қала полицейлері көлік құралын алкогольдік және есірткілік мас күйінде жүргізгені үшін 387 құқық бұзушының жолын кесті.