Павлодарда бесінші тамызға дауылды ескерту жарияланды

Павлодарда бесінші тамызға дауылды ескерту жарияланды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Қатты жаңбырмен бұршақ бірге жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бесінші тамызда Павлодар облысында ауа райы күрт нашарлайды. Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының болжамынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, облыстың орталығы, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар қаласында бесінші тамыз күні таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қала аумағында да жоғары өрт қаупі сақталады.