Павлодарда алты жасар бала жоғалып кетті

Павлодарда алты жасар бала жоғалып кетті

Баланы полиция мен еріктілер іздеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

VITA еріктілерінің мәліметінше, 24 сәуірде шамамен сағат 10-да алты жасар Ғалым Айтбаев Хромзавод шағын ауданында үйінен шығып кеткен. Оның кеткеніне екі сағат өткен, алайда бала үйіне оралмаған. 

Баланың бойы – 120 см. Шашы қара қоңыр, орташа денелі.

Хаки түсте күрте, жасыл қалпақ, қара көк шалбар және етік  киген. 

Еріктілер балаға қатысты қандай да бір ақпарат болса, 102 қызметіне немесе 7 (747) 615 66 63 (Екатерина), 7 (777)3348201 (Светлана) нөміріне хабарласуды  сұрайды.