Павлодарда Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтеді
![Павлодарда Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтеді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655f11dfc07d7.jpg)
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
13 ақпанда сағат 11:00-де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтеді.
– 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді, – делінген хабарламада.
Кеңес әскерлерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық уақыт Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азамат елге мүгедек болып оралды.
Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен студенттер және 5512 әскери бөлімінің жауынгерлері қатысады.