«Ауыл connection»: Екібасұздықтар бес күндік керуенге шығады

«Ауыл connection»: Екібасұздықтар бес күндік керуенге шығады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәсіпке бағыттайтын шеберлік сағаттар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз жастар орталығының мәліметінше, «Ауыл Connection» жастар керуені бес ауылға жол тартады.

Қалалық прокуратура, жергілікті полиция басқармасының өкілдері, жастар денсаулық орталығы, «Отбасы банк», мансап орталығы және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандары жастармен ашық кездесу форматында кездеседі. 

Олар сапармен 26 мамырда Шиқылдақ ауылы, 27 мамырда Шідерті кенті, 28 мамырда Солнечный кенті, 29 мамырда Екібастұз ауылдық округі, 30 мамырда Ақкөл ауылдық округінде болады.

Әр ауылда шөп шапқышты жөндеу курсы, «Жас отбасылардың қарым-қатынасын нығайту тетіктері», «Жасанды интеллект: мүмкіндіктер және қолдану» тренингтері, «UZDIK BOL» жобасы аясында шағын футбол турнирі, «Skills Jastar» мамандықтар көрмесі және «EKB Music» кеші өтеді.