Павлодарда бір апта бойы хабарсыз кеткен әйел табылды
Ол бүгін байланысқа шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы VITA іздестіру тобы мәлімдеді.
- Наталья Гончарова байланысқа шықты. Барлық алаңдаған жандарға алғысымызды білдіреміз. Белгілі себептерге байланысты іздеуден алынады, - деп жазды еріктілер.
Еске сала кетейік, 1977 жылы туған қала тұрғыны Наталья Гончарова 26 қыркүйек күні Мәшһүр Жүсіп көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның қай жаққа шығып, бет алғаны белгісіз болған.