Павлодарда жазғы биатлон жарысы өтеді
Облыс орталығында демалыста бірнеше спорттық іс-шаралар өтетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
29 шілдеде «Ертіс» шаңғы базасында жазғы биатлоннан қаланың ашық біріншілігі өтеді. Ол екі күнге жалғасады: сенбіде сағат 10:00-де спринт басталады, ал келесі күні жарыс болады. Оған Қазақстанның қалалары мен облыстарының құрама командалары, БЖСМ клубтарының тәрбиеленушілері қатыса алады. Қатысушыларда дәрігердің рұқсаты болуы керек.
28-30 шілде күндері Орталық стадион алаңында әуесқойлар арасында Президенттік көпсайыс жарысы өтеді. Қатысушылар 28 шілдеде 60 және 100 метрге жүгіреді. Ал 29 шілде күні биіктікке секіру жоспарланған, 30 шілдеде 1000 метр қашықтыққа дейін төзімділікке жүгіреді.
Жарыс 28 шілдеде сағат 18:30 басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттар және медальдармен марапатталады.
Ал жұмадан жексенбіге дейін жалпы дене шынықтыру бойынша қалалық турнир өтеді. Бұл жарысқа павлодарлықтар 16 жастан бастап қатыса алады. Турнир келесі салмақ категориялары бойынша өтеді:80 килограмға дейін, 80 кг-нан жоғары. Өтінімдер жарыс басталардан бір сағат бұрын қабылдай бастайды. Бірінші тур 28 шілдеде сағат 17:30-да өтеді.
Еске сала кетейік, 28 шілде күні «Ertis Promenade» сахнасында «Summer party» өтеді. Оған «21:37» тобы, әнші «Lika», «Тұмар» эстрадалық вокал студиясы өнер көрсетеді. Ал, Dj M әсерлі дискотекамен кешті 22:00-де аяқтайды. 29 шілдеде павлодарлықтар таңғы 09:00 фитнеске бара алады. Бұл жаттығулар жексенбі күні де өтеді. Кешкі сағат 20:00-де 90-жылдардағы дискотека болады. 30 шілде күні бас сахнаның экранынан қазақстандық «16 қыз» фильмін тамашалай алады.
Фото: Константин Шелков