8 наурызда Павлодар облысында қар жауады

Көктайғақ болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде батыста, облыстың солтүстігінде, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде қар жауады.
Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -7...-12, күндіз -1...-6 градус болады.
Павлодар қаласында бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -10...-12, күндіз -3...-5 градус көрсетеді.