Павлодарда дүкеннен арақ ұрлаған ер адам ұсталды

Павлодарда дүкеннен арақ ұрлаған ер адам ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адам тауарға ақы төлемей, дүкеннен шығып кеткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала дүкендерінде көбінесе алкогольдік сусындар ұрланады. Н. Назарбаев даңғылында орналасқан дүкендердің бірінде ер адам  «Цари» және «Цитрон» маркалы екі бөтелке арақ ұрлады.

– Дүкенде қауіпсіздік камералары бар екенін ескермеген тұрғынның  бейнесі мен барлық әрекеттері камералардың объективіне түсіп қалған. Ол стеллажға жақындап, алкоголь бөтелкелерін алып, жеңіл қимылмен курткасының қалтасына салған. Әрі қарай тауарға ақы төлемей, дүкеннен шығып кеткен, –  деп хабарлады Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжанов.

Полицейлер күдіктіні анықтады, ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұлтартпау шарасы – келу туралы міндеттеме алынды.