Асабалар павлодарлықтың өмірін арашалап қалды

Асабалар павлодарлықтың өмірін арашалап қалды
Фото: Константин Шелков

Жүргізуші инсультке душар болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Ақ-Асыл event» қатысушылары Instagram парақшасында хабарлады. Оқиға Мойылды ауылының маңындағы теміржол өткелінде орын алды.

- Түнде келе жатып, теміржол өткелінің алдында тұрған машинаны көрдік. Жақындап қарасақ, жүргізушісінің аузынан көбік ағып жатыр екен. Бірден жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеттік. 30 минут күткеннен соң өзіміз ауруханаға жеткізуді ұйғардық, жолай жедел жәрдем машинасын кездестірдік. Сөйтсек, инсульт болған екен, - дейді «Ақ-Асыл event» қатысушылары.

Адам өмірін арашалап қалған асабалар жерлестерін жақын адамдарға мейірімділік пен ізгі ниет танытуға шақырды. Өйткені, дейді олар, мұндай оқиға кез келген адаммен болып қалуы әбден мүмкін.