Ақтоғай ауданында қора мен 150 тонна шөп жанып кетті

Ақтоғай ауданында  қора мен 150 тонна шөп жанып кетті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 20.04-те Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылында шаруашылық ғимараттары  мен шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

– Оқиға орнына келген кезде шаруашылық ауласы аумағында 200 шаршы метр қораның ағаш құрылымдары, 600 шаршы метр аумақта 150 тонна шөп жанып жатқаны анықталды, – дейді департаментте. 

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің  бес қызметкері мен екі техника, Жолболды ауылындағы өрт сөндіру бекетінің екі қызметкері және бір техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге Жалаулы ауылының ерікті өрт сөндіру бөлімінен бес адам қатысты.

Тілсіз жау сағат  22.47-де оқшауланып, сағат 07.26-да сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.