Павлодарда ер адам әйелін үйде босандырып алды
Бригада 10 минуттан кейін шақырту түскен мекенжайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 26 шілде, жұма күні 103 қызметкерлері кезекті үйде босануға шықты. Шұғыл шақыру Павлодардан түсті. 23 жастағы әйелді жолдасы босандырып алған. Қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлер кіндікті кесіп, оны өңдеп, босанған әйел мен баланы тұрақты күйде № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізді.
– Шұғылдықтың бірінші санаты адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайларда беріледі, – деп еске салды 103 өңірлік қызмет басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Мұндай сын-қатерлерге 15 минут ішінде келуге міндеттіміз, алайда соңғы жылдары біз үшін стандарт-7-8 минутке жетті. Әдетте бұл – апаттар, өрттер, ауыр тұрмыстық немесе өндірістік жарақаттар, үйде босану, улану, күйік және судағы жазатайым оқиғалар.
Оның айтуынша, жеделдіктің бірінші санаты бойынша қоңыраулар саны көбінесе демалыс және мереке күндері, адамдар демалған кезде көбейеді.