Алаяқтар Павлодар облысы әкімінің орынбасары атынан әрекет етуде

Серік Батырғожинов тұрғындарды Instagram парақшасында ескертті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Құрметті жерлестер! Менің атымнан WhatsApp мессенджерінде жалған аккаунт ашылып, алаяқтар сол арқылы өзге адамдарға хабарламалар жіберіп жатқанын анықтадым, – деп жазды әкім орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында.
Серік Батырғожинов азаматтарды абай болуға және мұндай жағдайларға сақтықпен қарауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram