Павлодар облысының тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады

Павлодар облысының тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатты жел, қар және боран күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қараша күні сағат 20:00-ден бастап өңірде ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабылады.

Жолдың шамамен ашылу уақыты – 8 қараша, сағат 8:00. 

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.