Павлодарлықтар наурызда қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айында екі мемлекеттік мереке бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесі сенбіге түсіп отыр. Аптасына бес күн жұмыс істейтін павлодарлықтар 8, 9, 10 наурыз күндері демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде 8, 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз жұмыс күні болып белгіленді.
Наурыз мейрамында аптасына бес күн жұмыс істейтін тұрғындар 21, 22, 23, 24, 25 наурызда демалады, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде 21, 22, 23, 24 наурызда – демалыс, ал 25 наурызда – жұмыс күні.