Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілде күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Российская көшесі, 18 («Звездочка» дүкені), 20, 22, 57 («Новая жизнь» шіркеуі);
- Щедрин көшесі, 58 (№7 арнайы мектеп-интернаты), 60 (№12 ЖОББМ);
- Малайсары батыр – Пятигорская – Щедрин – Российская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Алматы көшесі, 76/2;
- Ермак көшесі, 17/1, 19, 21, 23, 50;
- 4-ші, 7-ші, 8-ші Жаңаауыл көшелері бойындағы тұрғын үйлер.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Қамзин көшесі, 351 («Удача» дүкені);
- Онежская – Ворушин – Қамзин – Волочаевская, Онежская – Ворушин – Ладожская – Қамзин, Онежская – Қамзин – Новосибирская – Волочаевская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- «Энтузиаст», «Строитель» бағбаншылық серіктестіктері.
Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін:
- Гурьевская көшесі, 105 («Автопилот» ТҚКС);
- Комсомольская көшесі, 107 («Восток» ТҚКС);
- Малая объездная көшесі, 155/1А («Гелиос №4» АЖБ);
- Бекмаханов көшесі, 153 («Урарту» мейрамханасы, «СтальЭнерго» дүкені);
- Елгин көшесі, 76;
- Малайсары батыр – Гурьевская – С. Щедрин – Комсомольская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.