Павлодарда магистральдық су құбыры зақымданды
Апат салдарынан бірнеше мекенжайда ауызсу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, бөгде ұйым жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде Набережная көшесі, 5/1 мекенжайындағы диаметрі 400 миллиметрлік магистральдық су құбырын зақымдаған.
Кәсіпорынның апаттық қызметі ақау толық жойылғанға дейін су беруді уақытша тоқтатты.
Су келесі мекенжайларда болмайды:
- Набережная көшесі, 1, 3;
- Астана көшесі, 10/1;
- Торайғыров көшесі, 49;
- Астана көшесі, 8/1 (әкімшілік ғимарат).
Сумен жабдықтау құбырдағы зақым жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі.