Павлодарда жол учаскесі жабылып, төрт автобус бағытын өзгертеді

Павлодарда жол учаскесі жабылып, төрт автобус бағытын өзгертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым сағат 7:00-ден 30 маусым 20:00-ге дейін Малайсары батыр көшесі бойынша Н. Назарбаев даңғылынан Естай көшесіне дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылады.

№ 1, 2, 40, 126 автобус маршруттары осы учаскені Қамзин – Аймауытов көшелері бойынша екі бағытта да айналып өтетін болады.