Павлодар облысында найзағай мен бұршақ күтіледі
Синоптиктер желдің күшеюі туралы да ескертті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«109» қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Аймақта солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Батыс және оңтүстік аудандарда оның екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Синоптиктер облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталатынын да ескертті.
Павлодар қаласында түнде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.