Павлодарда медициналық орталықта өрт шықты
Құтқарушылар тілсіз жауды сөндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ресми телеграм каналының мәліметінше, 26 шілде күні бес қабатты тұрғын үйде орналасқан медициналық орталықтардың бірінде жиһаздар мен заттар жанған.
ТЖМ күшімен ауданы 10 шаршы метр өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.