Қазақстанда сегіз жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеуде
2016 жылдан бастап елімізде алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналының мәліметінше, қабылдаған шаралардың нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8%-ды құрады.
➤ нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді;
➤ Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды;
➤ Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді;
➤ ӘМАТ-тың «электронды айнасына» айналатын Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді.