Баянауылда ер адам әпкесінің үйінен шығып, жоғалып кетті

Баянауылда ер адам әпкесінің үйінен шығып, жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта қайда екені белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, 26 сәуір күні Төлеген Жүсіпов Баянауыл ауылында тұратын әпкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кетті. 

Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Ол Қаражар немесе Жаңажол ауылында орналасуы мүмкін, – дейді іздеу жасағы.

Ерекше белгілері: бойы 165 сантиметр, арық денелі, көзі қара, қара шашты, шашының ағы бар, сақауланып сөйлейді.

Қара күрте, қара трико және кроссовка киген.

Еріктілер жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамды +7(747)615-55-63 – Катерина, +7(777)334-82-01 – Светлана немесе 102 қызметіне хабарлауды сұрайды.