Екібастұзда түнде төбелескен екі әйел полицияға жеткізілді
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бейнекадрлардан төбелесіп жатқан екі әйелді ер адамдар ажыратып жатқанын көруге болады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 00.25 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Энергетиктер көшесі, 103 көшесіндегі «Федор» дүкенінің жанында жанжал болып жатқаны туралы шақыру түскен.
Аталған факті тіркелді, екі әйел де полицияға жеткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы – «спирттік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орында мас күйінде пайда болу» және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – «ұсақ бұзақылық» бойынша хаттамалар толтырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram