Павлодарда мектеп мұражайларының оқушылардың тәрбиесіндегі рөлі талқыланды
Павлодар қаласының білім беру бөлімі балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Мектеп мұражайлары: рухани-адамгершілік тәрбие бойынша заманауи технологиялар мен жұмыс нысандары» атты өңірлік оқу-практикалық семинар өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шараға Павлодар, Май, Успен, Железин, Ертіс, Баянауыл, Тереңкөл, Шарбақты аудандары мен Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларының мектеп мұражайларының 60-тан астам басшысы, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, жалпы білім беретін мектептердің биология, география мұғалімдері қатысты.
Семинарда «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы - үлкен мүмкіндіктер мекені» тақырыбында орталық басшысының орынбасары Зәуре Сарбасова сөз сөйледі.
– Мұражайдың тәрбиелік қызметі оқушылардың мәдени-тарихи мұраға тұтас көзқарасын қалыптастыруда ерекше білім беру ортасын құрады. Өлкетану қызметімен айналысатын ұйымдармен, пәнаралық байланыстар сәтті жүзеге асырылатын пән мұғалімдерімен ынтымақтастықта мектеп мұражайы жұмысының маңызы өте зор, – деп атап өтті орталықтың әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ирина Ефимова.
Орталықтың өлкетану бөлімі меңгерушісі Жұлдыз Машкентаева мен оқушылар сарайы музейінің басшысы Бақыт Оралбаева музей педагогикасы бағытындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Орталықтың қосымша білім беру педагогі Динара Бектасова «Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» атты өлкетану практикумдарын ұйымдастыру туралы айтып берді.
Қатысушылар үшін орталықтың, экологиялық-ботаникалық кешеннің жас экскурсия жүргізушілерінің қатысуымен жылыжай мен «Жас эколог» мұражайы бойынша «Экскурсиялық променад» локациялық экскурсиялары ұйымдастырылды. Орталықтың әдіскері Оксана Петрович өткізген «Мұражайтану» білім беру кластері үлкен қызығушылық тудырды. Семинар жұмысына № 5, 43, 17, 30, 36, М.Әуезов атындағы мектептердің өкілдері белсенді қатысты.