Павлодарда әлеужеліде Iphone алмақ болған тұрғын санын соғып қалды
Ол қымбат гаджетті Instagram желісінен тапсырыс берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісінде тегін жеткізумен Iphone 14 сатылымы туралы хабарландыруды көрген. Одан әрі алаяқтармен хат алмасу барысында Kaspi.kz қосымшасы арқылы «0-0-12 бөліп төлеуге» келіскен. Алаяқ қаражатты алған соң байланысқа шығуды тоқтатқан. Шығын 379 990 теңгені құрады.
– Бүгінгі таңда облыс аумағында осындай алаяқтықтың 153 жағдайы тіркелді, – дейді департаментте. – Тағы бір жағдайда қала тұрғыны әлеуметтік желіден оңай табыс көзі жайлы жарнаманы көріп қалған. Алаяқтар тұрғынды әр түрлі елдердің валюталарын сатып алу және сату арқылы пайда табуға болатындығына сендірген. Бұл валюталарды сатып алу үшін жәбірленуші алаяқтарға 900 мың теңге жіберген.
Қазіргі уақытта осы қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.