Павлодар облысында «Болашақ» бағдарламасының төрт түлегі жұмыс істейді

Павлодар облысында «Болашақ» бағдарламасының төрт түлегі жұмыс істейді

Өңірде мемлекеттік қызметкерлердің 11 пайызы – жас қызметшілер, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов мәлім етті. 

- 2023 жылғы 1 қаңтарына Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 4 218 бірлік, нақты саны – 3 959 адам құрайды. Бос орындар саны 259 бірлікті немесе жалпы санның 6 пайызын құрады, - деді Ержан Қарымсақов.

Облыс қызметшілерінің 89 % жоғары білімді, 19 % – бірнеше жоғары білімдері бар. 

- Облыста мемлекеттік қызмет жүйесінде «Болашақ» бағдарламасының 4 түлегі және мемлекеттік басқару академиясын бітірген 17 мемлекеттік қызметші еңбектенуде, - деді Ержан Қарымсақов.

Мемлекеттік қызметте 291 (11%) жас мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның 43-ы (15%) басшылық лауазымда.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет жүйесінен босатылған адамдардың саны - 183 (4,3%).  

Павлодар облысында мемлекеттік органдарымен 379 мемлекеттік қызмет түрі  көрсетіледі (ЖАО – 173, ОМО АБ – 206).

Айта кетейік, 2022 жылы облыста 10,1 млн (2021ж. - 9,7млн.) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде – электронды түрде 9,3 (91,5%), (2021ж. – 8,9 млн немесе 92,3%), қағаз түрінде 22 357 (0,2%),  мемлекеттік корпорация арқылы 831 786 (8,3%) қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 26 өтініш келіп түсті, олардың: 13-і қаралды, 10-ы құзыреті бойынша жолданды, 3 өтініш бойынша мәселелер сот органдарында қаралуына байланысты тоқтатылды, 9 өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, дәлелдері расталғандардың санынан 100% құқықтары қалпына келтірілді.

Фото: Константин Шелков