Су, жолдар, мектепті жөндеу: Павлодар облысының шалғай ауылдарының тұрғындарын не толғандырады
Өңір басшысы Асайын Байханов өңірдің ең шалғай ауылдарының бірі - Шолақсор ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақ басшысымен кездесуде тұрғындар өздерінің байырғы мәселелерін шешуді сұрады. Ол - ауылды аудан орталығымен және облыстың басқа елді мекендерімен байланыстыратын жолды жөндеу.
- Өткен жылы жолдың бір бөлігі жөнделді, ауыл тұрғындары бұл жұмыстарды жалғастыруды сұрады. Өңір басшысы барлық басталған жобалар соңына дейін жеткізіледі деп сендірді. Ең бастысы - жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлігі, онымен айналысу бейінді басқарманың басшысы мен аудан әкімдігіне тапсырылды, - деді баспасөз қызметінде.
Ата-аналар қауымы Асайын Байхановтан мектепті жөндеуге көмектесуін сұрады. Өңір басшысы жергілікті басшылыққа жөндеу жұмыстарының сметалық есебін жасап, мәселені бюджет комиссиясының қарауына шығаруды тапсырды.
Сондай-ақ, кездесуде абаттандыру, рейстік автобустың жұмысы, спорттық инфрақұрылымды дамыту және т.б. мәселелер айтылды, олардың барлығы жұмысқа қабылданып, облыс әкімдігінің бақылауында болады.
Фото: Валерий Бугаев