Павлодарда халықаралық көрменің тұсауы кесіледі
Ресейден суретшілер келіп, өздерінің жұмыстарын көремеге қояды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейі ресейлік G gallery көркемсурет галереясымен бірлесіп көрме ұйымдастырады. 1 наурызда 16:00-де Ресей мен Қазақстан қалаларынан келген заманауи суретшілердің «Айналардың арғы жағында...» интерьер суреттерінің халықаралық көрмесі ашылады.
– Көрмеге арнайы G gallery Ресей мен Қазақстанның қалаларынан келген 58 суретшінің 78 туындысынан тұратын көркем коллекция жинақталды. Суретшілер халықаралық көрмелердің белсенді қатысушылары болып табылады. Экспозициядағы әрбір туынды адам мен жануарлар әлеміне тәуелсіз көзқарас, тәжірибе мен сезімдер әлемі, ұмтылыстар, сызықтың, түс пен композицияның сұлулығын көруге болады,– деді музейде.
Көрме 31 наурызға дейін жұмыс істейді.