Павлодарда орыс лигасында пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды
9-11-сыныптардың білім алушылары үшін турнир кезеңдері дүниежүзілік мектеп форматында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебінде республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңін өткізді. Аталмыш іс-шара республиканың жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларын қолдау, жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыруды көздеген.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ойын қорытындысы бойынша «Үздік спикер» номинациясы бойынша Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары Софья Малышева мен Карина Ступникова, сондай-ақ №11 мектептің 11-сынып оқушысы Глафира Сергеева марапатталды.
«Үздік команда» номинациясына Мәшһүр Жүсіп атындағы «Зияткер» командасы ие болды. №27 мектебінің «Antares» командасы және №5 мектебінің «Brainstorm» командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен №43 мектебінің «DISPUTE» командасы және І дәрежелі дипломмен №11 мектептің «Пикми» командасы марапатталды.
Айта кетейік, орыс лигасы ойынының қорытындысы бойынша төрешілер алқасы республикалық турнирдің облыстық кезеңіне жеңімпаз командасы қалыптастырылып қатысу құқығын алды.